Алматылықтар 10 сағат жауған жаңбырдан көрген бейнеттерін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар 10 сағат жауған жаңбырдан көрген бейнеттерін айтты

Алматылықтар 10 сағат жауған жаңбырдан көрген бейнеттерін айтты

Алматынының біраз бөлігі бір түнде су астында қалды. 10 сағаттай толассыз жауған нөсердің суы ағып үлгермей, көшелерді басқан. Салдарынан көлік қозғалысы қиындап, жұрт ұзын-сонар кептелісте тұруға мәжбүр болды. Кей жерлерде тіпті ағын суға шыдамай жолдар қақ айырылған. Нөсер жауынға көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары да төтеп бере алмай, пәтерлердің төбесінен су сорғалады.

  • 10 Маусым 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz

-Әл-Фараби малмандай су…

Алматының ең ауқаттылары тұратын әл Фараби даңғылында көліктер жүріп емес, жүзіп барады. Ал мына бір машинаны тіпті, су ағызып әкетті. Автобустардың өздері күшті ағынға шыдамай жарты жолда тұрып қалған.

Беглан Найманбаев, көлік жүргізушісі:

у соратын құрылғы. Соның көмегімен суды сорып жатырмын.

Көлік жүргізушілерінің бірі жаңбырдың суымен өз бетінше алысып әлек болса, енді бірі көңілді. Өзін кемеде отырғандай сезініп, әндетіп жүр.

-Капитан, капитан, улыбнитесь! Ведь улыбка это флаг корабля! Что, поплывем?

Ал Дәуреннің күлуге шамасы жоқ. Су шайған көлігі істен шығып, 2 сағат бойы оталдыра алмай отыр.     

Дәурен Шахаев, көлік жүргізушісі:

-Фильтрға су кіріп  машина оталмай тұр. Кептіру керек, судың салдарынан болған жағдай.

Өзге жүргізушілердің де әбден жүйкесі тозған. Эвакуаторды шақыртып, жұмысынан қалуда.    

-Эвакуаторға 10 мың берем. Тағы жөндеуге кететін ақша бар.

Жол талғамайтын көліктер де, асты төмен орналасқан көліктер де мына жолмен әрең дегенде жүруде. Бірақ стартері мен карбюраторын қанша бүлдіріп алмайын десе де, мына көл-көсірдің ішінде, тіпті, мемлекеттік нөмірін жоғалтып алып жатқан жүргізушілер бар.


Ал мына көліктің жағдайы, тіпті, қиын. Толастамай жауған жауынның салдарынан жол қақ жарылып, қос дөңгелегін қысып қалған.

Жауапты  адам келу керек! Бағана айттым ғой мен сізге!

Көлік иелері жауаптыны таппай жүрсе, ал мына үйдің тұрғындары кешегі дүлей дауылда шатырларынан айырылған.Түндегі нөсер жабындыны жұлып әкетіп, жұртты сорлатыпты. Төбеден сорғалаған су жоғары қабаттағы пәтерлерді түгел жайлаған. 

-Шелектеп ақты кәдімгідей су. Электр сымдары тұйықталғанда өрт кетеді ғой. Ал хабарлассаң КСК-да құтқарушылар да алмайды.

Су алған бірнеше үй енді жарықсыз отыр. Ал «Қазгидрометтің» мамандары алда күн тағы бұзылып, тіпті бұршақ жауады деп болжауда.