«Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне қолында арнайы шақыртуы бар көрермендер ғана кіре алады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне қолында арнайы шақыртуы бар көрермендер ғана кіре алады

«Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне қолында арнайы шақыртуы бар көрермендер ғана кіре алады

«Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне тек қолында арнайы шақыртуы бар көрермендер ғана кіре алады. Жалпы биылғы 14-ші жыл өткізілгелі отырған ретро кешке 5 мыңға жуық орын әзірленген.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 234
Фото - Caravan.kz


Ескертетін бір жайт, биыл фестиваль билеттері әдеттегідей сатылымға емес, ұтысқа түсірілді. Яғни, радио тораптар мен әлеуметтік желілерде арнайы қойылған сауалдарға дұрыс жауап беру арқылы алуға мүмкіндік берілген. Сондай-ақ, «Gazeta.kz» сайтына тіркеліп те шақыртуға ие болуға болады. Ал онда бір реттік таңбаланған промо-кодтар бар. Онсыз концертке кіргізілмейді. Сонымен, «Алматым – іңкәрім менің» музыкалық мерекенің басталуына небәрі 3 тәулік қалды. Қазірдің өзінде шақыру билеттерінің 70 пайызы үлестірілген. Концерттің тыныш өтуін 2 мыңға жуық сақшы мен арнайы жасақ күзетшілері бақыламақ. Өтетін орны әдеттегідей — Халықаралық трамплин кешені.