Поициядан өзге сондай-ақ фестивальдің ойдағыдай өтуін арнай қосалқы күзет күші де жұмылдырылып отыр. «Алматым – іңкәрім менің» музыкалық мерекенің басталуына небәрі 5 тәулік қалғанын айта кетейік. Қазірдің өзінде 7 мың адамға арналған шақыру билеттерінің тең жартысы үлестірілген. Фестивальға биыл билетпен емес, шақыртумен кіруге болады. Олар радио тораптар мен әлеуметтік желілерде ұтысқа салынуда. Сондай-ақ, «Gazeta.kz» сайтына тіркелу арқылы да алуға болады. Онсыз концертке кіру мүмкін емес. Тағы бір жаңалық, фестиваль өтетін жер – Халықаралық трамплин кешеніне арнайы автобуспен болмаса, жеке көлікпен баруға тыйым салынған.
Динара Тұрсынова, «Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің баспасөз хатшысы:
— Фестивальге тек шақыру билетімен ғана кіргізіледі. Қазір көрермендердің тең жартысы сайттан өздері билетті өткізіп алған. Шақыру билеттері міне, мынадай болуы тиіс. Арнайы жеке-жеке прокодпен белгіленген.