«Алматым-іңкәрім менің!» — кілең ретро әндер шырқалатын дәстүрлі фестиваль. Отандық әншілермен қатар, әлем жұлдыздары 80-ші жылдарды еске түсіреді. Бұл жылы думанды кешке Сандра, Е-тайп, Натали, «Арми оф лаверс» сынды атақты топтар арнайы келген. Қала әкімі Ахметжан Есімов құйқылжыта күй шертсе, Сенаттың бұрынғы депутаты Ғани Қасымов әйгілі «Абба» тобының әнін орындады. Әдетте, ақылы өтетін шараға биыл бірінші рет кіру тегін болды. Ретро концерттің телевизиялық нұсқасын КТК арнасы жақында көрсететінін айта кетейік. Ал шараға қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.