Ретро әндер фестивалі 99-шы жылдардан бері ұйымдастырылып келеді. Шараның мақсаты – сағындырған хит әндерді тағы бір мәрте еске алу. Әр жылдарда шараға әлемге танылмал әншілер жиналады. Ал бұл жолы «Арми оф лаверс», Сандра, Натали, «Е-тайп»-пен қатар, қала әкімі Ахметжан Есімов, Сенаттың бұрынғы депутаты Ғани Қасымовтың және Дариға Назарбаеваның өнерін тамашалай аласыздар. Фестивальге жан-жақты қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры екенін айта кетейік.