Алматының 1,5 миллионыншы тұрғынына жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының 1,5 миллионыншы тұрғынына жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды

Алматының 1,5 миллионыншы тұрғынына жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері Ахметжан Есімовтің атынан мегаполистің 1,5 миллионыншы тұрғынының - Шыдас Алданның ата-анасына жаңа жылдық сыйлықтар тапсырды.

  • 28 Желтоқсан 2013
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске сала кетейік, бала ағымдағы жылдың 26 қазанында 1,5 миллионыншы қалалық ретінде тіркелген. Бірінші кезекте, оның ата-анасының бірінің Алматы қаласында қаншалықты ұзақ тұрғанына назар аударылған. Сонымен қатар, көп балалы отбасылардың нәрестелеріне басымдық берілді. Шыдас Алдан — Алматы қаласының байырғы тұрғындарының отбасындағы төртінші бала.

1,5 миллионыншы алматылықтың ата-анасы қалалықтарға көңіл бөлгені үшін қала әкімдігіне алғыс білдірді.