Алматының аудандарында граната мен мина табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының аудандарында граната мен мина табылды

Алматының аудандарында граната мен мина табылды

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматының Алмалы ауданында граната табылса, Түрксіб ауданында минаның бары анықталды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Наурыз 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, Алматының Түрксіб ауданында 19 наурызда 18 сағат 11 минутта тұрғындар көшеде минаға ұқсас затты тауып алған. Арнайы шараларды өткізу барысында табылған зат жарылғышы бар 120 мм минометтік мина екендігі анықталды. Жарылғыш заты ІІМ «Арлан» арнайы бөлімшенің қызметкерлерімен тәркіленді.

Сонымен қатар Алматының Алмалы ауданында 19 наурызда 18 сағат 50 минутта жергілікті тұрғындар үйдің ауласында гранатаға ұқсайтын затты тауып алған. » Арнайы шараларды өткізу кезінде сырты толық татпен басылған әрі тұтандырғыш зат қойылған Ф-1 гранатасы екендігі белгілі болды. Жарылғыш зат ІІМ «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерімен тәркіленді «, — деп түсіндірді ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті