Алматының «барахолка» базары тағы өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының «барахолка» базары тағы өртке оранды

Алматының «барахолка» базары тағы өртке оранды

Алматының «барахолка» базары тағы өртке оранды. Қызыл жалын «Олжа» базарында тұтанып, кейін жапсарлас сауда орындарына ауысқан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің оннан астам экипажы ұзақ уақыт бойы өрт ошағына жақындай алмаған.

  • 14 Қыркүйек 2013
  • 653
Фото - Caravan.kz


Тілсіз жаудан зардап шеккендер қатарында қазірше екі адам тіркелуде. Құлаған темір құрылғы бірінің тобығын сындырса, екіншісі көк түтінге тұншығып, өзін жайсыз сезінген екен. Ал жеңіл тұтанытын заттардың көп болғандығынан өрт жылдам жайылуда. Мамандардың сөзіне құлақ аспаған саудагерлер өз тауарларын аман алып қалу үшін базар ішіне кірмек болыпты. Сондықтан арнайы жасақ қызметкерлері тартылып, аймақ толығымен қоршауға алынды. Тілсіз жау ауыздықталғанша бұл аймақтағы көлік қозғалысы да толығымен тоқтатылды. 29 техника, жүзден астан өрт сөндіруші жұмылдырылғанымен қызыл жалынды осы сағатқа дейін ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Тіпті әуеден су шашу үшін шақыртылған тікұшақтар да оңды нәтиже бере қоймаған. Ал қыруар шығынға батқан кәсіпкерлер не істерін білмей дал.