Алматының бас дәрігері алдағы уақытта коронавирусқа шалдыққандардың күрт азаятынын болжады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының бас дәрігері алдағы уақытта коронавирусқа шалдыққандардың күрт азаятынын болжады

Алматының бас дәрігері алдағы уақытта коронавирусқа шалдыққандардың күрт азаятынын болжады

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев екі аптадан кейін қала тұрғындары карантин ережелерін сақтаса, коронавирус ауруы күрт төмендейді деп болжады.

  • 3 Сәуiр 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Азаматтар, отбасылар және топтар арасындағы байланыстарды барынша шектеу коронавирустық инфекцияны азайтуға көмектеседі. Егер өздігінен оқшаулау жоғары деңгейде болса, екі аптаның ішінде біздің қала тұрғындары арасында Ковид-19 ауруының күрт төмендеуін күтуге болады», — деді Әбілдаев.

Қаланың бас дәрігері алматылықтар мен басқа аймақтардың тұрғындары тарапынан карантин қағидаттарын түсінуге және сақтауға үміттенетінін айтты.


Естеріңізге сала кетейік, коронавирусты жұқтырған қазақстандықтардың саны 402-ге дейін өсті, олардың 90-сы Алматыда, жұқтырғандардың екеуінің жағдайы ауыр, 10 ересек адамның жағдайы орташа. Алматыда коронавируспен ауырған 11 адам қалпына келді.

Соңғы жаңалықтар