«27 наурызда 9 сағат 20 минутта 051 кезекшілік пультіне парк территориясында граната жатқаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Территорияны тексеру кезінде кинология қызметі тұтандырғышы жоқ бітеуіші бар әскери Ф-1 гранатасының жатқанын анықтады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жарылғыш затты «Арлан» арнайы бөлімшенің қызметкерлері тәркіледі. Зардап шеккендер мен өлім- жітім жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті