Алматының мемлекеттік қызметшілеріне ротациялаудың жаңа қағидасы түсіндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының мемлекеттік қызметшілеріне ротациялаудың жаңа қағидасы түсіндірілді

Алматының мемлекеттік қызметшілеріне ротациялаудың жаңа қағидасы түсіндірілді

Жаңа ереженің нгізгі мақсаты - емлекеттік органдардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ қызметшілердің кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірбиесін дамыту және тиімді пайдалану болып табылады. 

  • 3 Желтоқсан 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылдың 13 қарашасында мемлекеттік қызмет саласында қарастырылған кейбір актілерге өзгерістер енгізу туралы Жарлығына қол қойды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мемлекеттік қызметшілерді ротациялау және ауыстыру жөнінде енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша онлайн вебинар өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Аталған шараның спикері ретінде — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Дастан Секенов сөз сөйледі.

Вебинар өткізу барысында Департамент басшысы саяси қызметшілерді ротациялау институтының енгізілгенін атап өтті. Бұрын ротация тек әкімшілік қызметшілерге қолданған болатын.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі «Б» корпусы қызметшілерін  ротациялау туралы айтылып өтті. Яғни, әкімдіктің басқарма басшыларының аймақаралық ротациясы енгізілді. Бұрын оларды ротациялау бір әкімдіктің ішінде ғана жүргізілетін. Алайда аталған шара Агенттіктің келісімімен жүзеге асырылады, яғни әкімдіктерде топ болып немесе командалық ауысуларға жол бермеу көзделген.

Сондай-ақ, белгілі бір басшылық лауазымдарды, оның ішінде әр түрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істеген «Б» корпусы қызметшілерін ерікті ротациялау енгізілді.


Сонымен бірге, «Б» корпусы қызметшілерін мемлекеттік органның ішінде ауыстыруға мүмкіндік берілді. Яғни, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органның ішінде ауысу тәртібімен тең лауазымға ауысуға және сол мемлекеттік органда соңғы екі жылда төменгі лауазымда жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарғы лауазымға ауысуына болады.

Ротацияның негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ қызметшілердің кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірбиесін дамыту және тиімді пайдалану болып табылатынын – спикер сөз барысында атап өтті.