Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны газды тапаншамен және шақпақ пистолетпен қаруланып алып, Төле би көшесінде орналасқан жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл ұйымдастырмақшы болған.
«Ішке кірердің алдында олар кассирден басқа кешен ішінде ешкімнің жоқ екендігіне көз жеткізген. Қылмыскерлер бас тапқан табысты беруді талап еткен. Тапаншаны көрген кассир еш саспастан, дабыл нүктесін басқан», — деп хабарлады Алмалы аудандық ІІБ бастығы полиция полковнигі Сәлімжан Малғаждаров.
Патруль полициясы жанармай құю бекетіне үш минут өткен соң келіп жеткен. Шабуыл жасаушылар тәртіп күзетшілерінің бұлай тез келуін күтпеген болулары керек, қарсылықсыз берілді.
«Сол арада дерлік пистолеттердің жауынгерлік емес екендігі анықталды. Алайда, оны кез келген адам бір көргеннен жыға тани алмайды. Сондықтан, кассир қыз тапқырлық пен қырағылық танытты деуге болады. Соның арқасында біз қылмыскерлердің «ізін суытпай» тұтқындап, ауыр қылмыстың бетін қайтардық», — деп атап көрсетті С. Малғаждаров.
Тұтқындалғандардың ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілді. Олар қылмысқа бұрын қатыстары болмаған. Алматы зауыттарының бірінде жұмыс істеген.
Үшеуіне де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 179- бабына сәйкес (қарулы шабуыл) айып тағылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті