Алматының Солтүстік айналма жолында апат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының Солтүстік айналма жолында апат болды

Алматының Солтүстік айналма жолында апат болды

Куәгерлер Daewoo жүргізушісі мен жолаушысын көліктен шығару үшін есікті майыстырған

  • 7 Қаңтар 2018
  • 153
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы Солтүстік айналма жолда екі жеңіл көлік соғысып қалып, салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер.

Солтүстік айналма жолындағы Победа көшесінің қиылысында, "КамАЗ-орталыққа" жетпей, екінші дәрежелі жолда келе жатқан Daewoo Nexia автокөлігі жақындап қалған BMW-ні өткізбеген. Неміс көлігінің жүргізушісі әрекет етіп үлгермей, Nexia-ның бүйірінен соққан.

  • Солтүстік айналма жолында апат болды
  • Солтүстік айналма жолында апат болды

Солтүстік айналма жолында апат болды

Куәгерлердің айтуынша, Daewoo жүргізушісі мен жолаушысын шығару үшін есікті бүгуге тура келген.

Сонымен қатар, BMW жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Төртеуі де ауруханаға жатқызылды.

 

Соңғы жаңалықтар