Алматының төменгі жағында тағы базар өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының төменгі жағында тағы базар өртенді

Алматының төменгі жағында тағы базар өртенді

Алматыда сәрсенбіде Северное кольцо көшесіндегі "Байсат" ЖШС базары өртенді,

  • 29 Қазан 2014
  • 490
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратқа қарағанда, "101" пультіне ақпарат астаналық сағат 11:17-де түскен, 11:57-де от оқшауландырылған.

"12:25-те өрт сөндірілді. Халық тұтынатын тауарлар салынған екі контейнер өртенген, өрттің жалпы алаңы 40 шаршы метрді құрады, зардап шеккендер жоқ".

Өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы қатысты, техниканың 9 бірлігі пайдаланылды.