Алматы-Өскемен бағытына қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойызы пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Өскемен бағытына қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойызы пайдалануға берілді

Алматы-Өскемен бағытына қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойызы пайдалануға берілді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қазанның 29-ынан бастап «Алматы-2 – Защита» бағытына қатынайтын №69/70 жүрдек пойызын іске қоспақ.

  • 29 Қазан 2014
  • 648
Фото - Caravan.kz

«Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жаңа пойыз күнара жүреді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметі.

Өскеменге дейінгі аралықты 17 сағат 45 минутта жүріп өтетін, кері қарай 17 сағат 08 минут жүретін пойыз жолай Сары-Өзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Аягөз, Шар станцияларына аялдайды.

Жүрдек құрамдағы 23 вагонның екеуі «гранд» класына, екеуі «бизнес» класына, 14-і «турист» класына жатады. Сонымен қатар, пойызда 1 вагон-мейрамхана, 1 вагон-бар мен 3 техникалық вагон бар.

Хабарламаға сүйенсек, «Жолаушылар тасымалы» компаниясы жыл соңына дейін «Астана-Защита», «Астана-Қызылорда» бағытына қатынайтын жаңа пойыздарды пайдалануға бермек.