Алматы-Қапшағай тас жолында ірі жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Қапшағай тас жолында ірі жол апаты болды

Алматы-Қапшағай тас жолында ірі жол апаты болды

 

  • 7 Шiлде 2016
  • 605
Фото - Caravan.kz

Алматы-Қапшағай тас жолындағы ірі жол апатын куәгерлер видеоға түсіріп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы Алматыға шамамен 40 шақырым жетпей болған. Кадрлардан жол апатынан бірнеше көліктің бүлінгенін байқауға болады. "Ірі жол апаты жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан қозғалыс бір ғана жолақпен жүріп жатқан аумақта болды. Бұл жер бетон қоршаумен бөлінбеген. Көліктердің бірінше ресейлік номер тұр. ТЖ орнына арнайы техника келді, полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", — деді куәгер.  
 

Видео 18.51-де түсіріліпті. Жол апатының салдарынан кептеліс пайда болған. Куәгерлердің айтуынша, екі көлік бетпе-бет соғысқан. Олардың бірі жүк көлігін озу барысында өз жолағына оралып үлгермеген делінеді.

Соңғы жаңалықтар