Жарияланды: 60

Алматы-Қапшағай тасжолында шағын автобус өртеніп кетті

Алматы-Қапшағай тасжолында шағын автобус өртеніп кетті

Алматы облысындағы тасжолда шағын автобус өртеніп кетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Алматы-Қапшағай тасжолы жиегінде автокөлік жанып жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, оқиға 25 тамызда сағат 12.25-те Қапшағай қаласында болған. ТЖД арнасына Алматы-Өскемен тасжолының бұрынғы жол-патрульдік қызметі бекеті маңында шағын автобус өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Ведомство дерегі бойынша, автобуыстың өртенуіне қозғалтқыш бөлігіндегі техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Көлік маркасы - Toyota Hiace.

Оқиға орнына келген өртсөндірушілер бір автокөлік көмегімен өртті сағат 12.45-те сөндірген. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін