Алматы-Тараз тас жолының бойында жол апатынан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Тараз тас жолының бойында жол апатынан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Алматы-Тараз тас жолының бойында жол апатынан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Жамбыл облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2005
  • 630
Фото - Caravan.kz

Министрліктің хабарлауынша, жол апаты 22-тамызда Алматы-Тараз тас жолының 234-шақырымында болған. «Сетра» автобусының жүргізушісі «Мазда-626» автокөлігімен соқтығысып қалды.

Апат салдарынан «Мазда-626» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Автокөлікте отырған тағы екі жолаушы, соның ішінде бір бала мен автобустың бес жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.