Иоган Меркель, Бас прокурордың бірінші орынбасары:
— Аймақтарда алқабилер құрамын сайлау өте қиын. Өйткені қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты өңірлердегі тұрғындардың басым бөлігі бір-біріне туыс. Мәселен, мен Астанада тұрып алқабилердің қатысуымен сот отырысын талап ете аламын. Ал, Шымкентте оны істей алмайсың. Себебі халықтың тең жартысы бір-біріне туысқан, құда-жекжат. Осыдан кейін алқабилер әділ шешім шығарады дегенге сену қиын.
Қазірдің өзінде алқабилер сотынан тіпті Ресей мен бірқатар Еуропа елдері жаппай бас тартып жатыр екен. Мәселен, Кавказда жергілікті жұрт бір-біріне туысқан болғандықтан лаңкестік жасаған қылмыскерлердің өзін алқа билер бостандыққа қоя берген. Дәл осындай жағдай біздің елімізде қайталанып отыр. Жалпы бұл жүйені Қазақстан Батыс мемлекеттерінен көшірген еді. Жарнамасы жер жарған жобаны ендіруге қазынадан қыруар қаржыда бөлінген-ді.