"Әлсіздік байқалды": Шенеуніктер вакцинациядан кейінгі жағдайлары туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әлсіздік байқалды": Шенеуніктер вакцинациядан кейінгі жағдайлары туралы айтты

"Әлсіздік байқалды": Шенеуніктер вакцинациядан кейінгі жағдайлары туралы айтты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният "Спутник V" вакцинасынан кейін әлсіздікті сезінді,

  • 4 Ақпан 2021
  • 199
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"1 қаңтардан бастап 5 700 медицина қызметкері вакцина алды. Біз вакцинациядан кейінгі асқыну жағдайлары туралы ақпарат жинастырып жатырмыз. Ерлан Аңсағанұлымен (Қиясов — ред.) осы екпені алдық. Бірінші күні әлсіздік байқалды.

Вакцинаны алған көптеген әріптесім бірінші күні әлсіздік белгілері туралы айтады. Талдықорғанда болған жағдайдан басқа, бізге күрделі аллергиялық реакциялар туралы ақпарат келген жоқ, — деді Ғиният ОКҚ брифингінде.

Еске салсақ, 1 ақпаннан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда "Спутник V" ерікті вакцинациялау науқаны басталды.