Алты айда 10 мың оралман көшіп келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алты айда 10 мың оралман көшіп келді

Алты айда 10 мың оралман көшіп келді

2016 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға 17 мың 23 адам көшіп келді, оның 10 мың 620-сы - этникалық қазақтар деп хабарлады ішкі істер министрлігі (ІІМ).

  • 1 Қыркүйек 2016
  • 361
Фото - Caravan.kz

Министрлік дерегінше, осы уақыт аралығында Қазақстаннан шет елдерге 16 мың 700 адам қоныс аударған

Былтыр 25 мың 197 адамға Қазақстанда тұрақты тұру рұқсаты берілген, оның 9 мың 951-і — оралман. 2015 жылы Қазақстаннан көшіп кеткендердің саны 33 мың 468 адам болған..

2010-2015 жылдар аралығында 212 мың 600 шетелдікке Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат берілген, оның 114 мың 900-і — оралман.

Қазақстанға көшіп келушілердің дені Алматы және Маңғыстау облыстарына қоныстанған. Елге келгендердің көбі ТМД аумағынан қоныс аударған. Ал кетушілердің көбі Ресей мен Германияға аттанған.


Мәди БЕКМАҒАНБЕТ

Соңғы жаңалықтар