Биыл жетінші рет өтіп отырған бұл шарада он бір аталым бойынша жеңімпаздар марапатталды. Атап айтқанда Алматы облысындағы "Нұр" қайырымдылық отбасылық балалар үйінің директоры Тұяқ Есхожина "Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін" аталымы бойынша үздік деп танылды. Қызылорда қаласындағы "Нұрай" ЖШС-і "Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін", жеке кәсіпкер Ғалымбек Құнапияұлы "Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін" аталымында "Алтын жүрек" иегері атанды. Ал Ақмола облысындағы "Алтынтау Көкшетау" ЖШС-і "Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін", "Алматыгазсервис холдинг" АҚ-ның Басқарма төрағасы Болат Өмірәлиев "Ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін", "АШК" ЖШС-нің Бас директоры Есімхан Жаңабаев "Жыл меценаты", "Астана" телеарнасының "Біз біргеміз" бағдарламасы "Ақпараттық қолдаушы", "ZHERSU" корпорациясының Бақылаушы кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов "Жыл қайырымгері" деп танылды. Сондай-ақ Алматы қаласындағы "Efes Kazakhstan" компаниясы "Жыл ұйымы", "Амазонка" қоғамдық қорының директоры Сарьян Анжелика "Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін", Polpharma халықаралық фармацевтикалық компаниялар тобындағы "Гербаполь Люблин" компаниясының президенті Ежи Старак "Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін" "Алтын жүрек" иегері атанды.