Алтынсарино-Хромтау бағытындағы темір жолдың құрылысы 2004-жылдың желтоқсан айында аяқталады - ҚР көлік және коммуникация министрілігі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтынсарино-Хромтау бағытындағы темір жолдың құрылысы 2004-жылдың желтоқсан айында аяқталады - ҚР көлік және коммуникация министрілігі

Алтынсарино-Хромтау бағытындағы темір жолдың құрылысы 2004-жылдың желтоқсан айында аяқталады - ҚР көлік және коммуникация министрілігі

ҚР көлік және коммуникация министрлігі Алтынсарино-Хромтау бағытындағы темір жол тармағын тарту жұмыстарын пәрмендендіру туралы шешім қабылдады.

  • 18 Шiлде 2003
  • 559
Фото - Caravan.kz

Темір жол тармағы 2004-жылдың желтоқсан айында салынып бітуге тиіс.

Бұл туралы бүгін, 18-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Нұржан Байдәулетов хабарлады.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, жол тарту жұмыстары 2001-жылдан бері жүргізіліп келеді. Техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес, құрылыстың нормативтік мерзімі 53 айға есептелген.
Н.Байдәулетовтың айтуынша, темір жол салу жұмысына 64 субмердігерлік ұйымдар мен жер қазу және құрылыс салу бағытындағы 800 техника жұмылдырылған.
Құрылысты салуға 1670 адам тартылды.
«Алтынсарино-Хромтау» бағытындағы темір жол желісінің 402,5 шақырымын магистральдық, 40,22 шақырымын станциялық жолдар иемденеді. Нысанды салу арқасында 13 станция мен разьезд, 11 көпір, 151 су құбыры жаңадан іске қосылады. Техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес жоба құны 29751 млн. теңгені құрайды.
Межеленген қаржының 25856 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 4165 млн. теңгесін «Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ-ның қаржысы есебінен бөлу көзделіп отыр.
Н.Байдәулетовтың айтуынша, 2003-жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 5367 млн. теңге, «Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ-ның қаржысы есебінен 949 мың теңге игерілді.
Вице-министрдің айтуынша, «Алтынсарино-Хромтау» аралығындағы, жолды біршама қысқартатын транзиттік бағытты іске қосу нәтижесінде Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігіндегі темір жол желісін толыққанды қалыптастыру жұмысы аяқталғалы отыр. «Бұл жобаны жүзеге асырудан елімізге түсетін пайданы есептеу мүмкін емес, ал оған бюджеттен жұмсалған қаржы бас-аяғы 2-3 жылдың ішінде толығымен өтеледі»,- дейді Н.Байдәулетов.

Соңғы жаңалықтар