Жарияланды: 470

Алжирде ОПЕК-тің 129-шы отырысы өтеді

Бүгін, 10-ақпанда Алжирде ОПЕК-тің 129-шы отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ОПЕК баспасөз қызметінің ресми хабарламасынан мәлім болды.

Бұл кездесу дүниежүзіндегі мұнай өндіру стратегиясына арналады деп күтілуде. Сондай-ақ, отырыста алдағы айларға арналған өндірістік саясат жобасы жасалады. Қазір картельдің мұнай өндіруге бекіткен квотасы тәулігіне 24,5 млн. баррельді құрайды. Шектеу мөлшері бұл жолы өзгертілмейді деген мәлімет бар. Ангола, Мексика және Оман елдерінен тәуелсіз мұнай экспорттаушылар бақылаушы ретінде кездесуге қатысады. Ал мұнай картелінің Венадағы ресми өкілінің мәлімдеуінше, Ресей мен Қазақстан ОПЕК-тің алдағы саммитіне ресми өкілдерін жібермейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін