Америкада шатылған Қадырбаев пен Тәжияқов жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада шатылған  Қадырбаев пен Тәжияқов жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін

Америкада шатылған Қадырбаев пен Тәжияқов жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін

Бостондағы жарылысқа қатысты айыпталған Диас Қадырбаевқа 7 жылға жаза кесілуі мүмкін. АҚШ прокурорлары жерлесімізге осында жаза кесуді сұрап отыр. Сот соңғы нүктені келесі аптада қоймақ.

  • 29 Мамыр 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұл іске тағы бір қазақ баласы – Азамат Тәжияқовтың да қатысы бар. Оған алқа билер шешімімен 20 жылға мерзім берліген. Бірақ әзірге Тәжияқовтың да үкімі күшіне енген жоқ. Енді бұл екеуіне үкім кесілген күннің өзінде жазаны елімізде өтеуі мүмкін. Қазақстан мен АҚШ сотталған азаматтарды бір-біріне қайтару жөнінде келісім жасап жатыр. Заң жобасын Мәжіліс бекітіп те қойған. Құжатқа сәйкес, тараптар бұдан былай қашқын қылмыскерлер мен заңсыз аударылған қаржыны қайтаруға мүмкіндіктері бар.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

— Парламент пен Елбасы қол қойған жағдайда, онда кез келген қылмыстық іс бойынша Қазақстан да, АҚШ та бір-біріне осындай көмек көрсету жөнінде өтінішті жіберуге болады. Жақында тағы келеміз, Панамерикан Одағының конвенциясына қосыламыз деп. Оған қосылсақ, оларды елге алдыруға мүмкіндік болады.