Америкалықтар «Дударай»-ды айтып, «Қамажай» биледі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалықтар «Дударай»-ды айтып, «Қамажай» биледі

Америкалықтар «Дударай»-ды айтып, «Қамажай» биледі

Бүгін ЭКСПО көрмесінде Америка Құрама Штаттарының ұлттық күні аталып өтті. Аталған мереке АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып

  • 4 Шiлде 2017
  • 242
Фото - Caravan.kz

Бүгін ЭКСПО көрмесінде Америка Құрама Штаттарының ұлттық күні аталып өтті. Аталған мереке АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жолы америкалықтар қазақ тілінде сөйлеп, жиналған жұртты тәнті етті. АҚШ елшісі Джодж Кролдың қазақша әжептәуір сөйлетінін көпшілік біледі. Концертті жүргізген америкалық жастар та қазақ тілінде сөйледі. Ал сахнаға танымал Грейс Гаррет шығып, өзінің «укелеле» атты аспабымен «Дударайды» айта бастағанда көзіне жас алған көрермендер де болды.

Алайда америкалықтар онымен шектелген жоқ. АҚШ-тың бостандығын, еркін ойлау қабілетін барынша көрсетті. Сөйтіп қазақтың күйі мен америкалық әуенді үндестіріп, паппури орындады. Тіпті, «Қамажай» әніне билеп, оны да ұлттық музыкасымен шебер үндестіре білді. Концерттің аяғы жаппай биге ұласты.

Осыдан кейін мерекелік коцертке қатысқандар мерекелік шерумен АҚШ павильонына аттанды. Шерудің басында әлемге әйгілі «Harley-Davidson»-нің екі мотоциклі, оның артында әскери курсанттар мен черлидирші қыздар жүрді.


Айта кетейік, АҚШ павильонының мәдени-бұқаралық шаралары осымен шектелмейді. Биыл аталған елдің тәуелсіздігіне 241 жыл толып отыр. Осыған орай, АҚШ мәдениетіне арналған мерекелік апталық ұйымдастырылады. Соның аясында америкалық рок, блюграсс, соул мен хип-хоп өнері көрсетіледі.