Америка халқының басым бөлігі Құрама Штаттардың Сирияға соққы беруіне қарсы. Жұртшылық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі осыны дәлелдеп берді.
«Нью-Йорк таймс» басылымы мен Си-Би-ЭС телеарнасы бірлесіп жүргізген сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі оған дәйекті себеп жоқ деп есептейді.