Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
”Шымкентке келген апамның басына соқпай кетпеймін. Кеше Сәкен ағамның анасының батасын алып, енді бүгін өз апама барып сағынышымды басып қайттым”, — деп жазба қалдырып әрі бейіт басында әнші ана туралы ән салған.
Зарина Омарованың бұл видеосы көпшілікке ұнамай, оны қатаң сынға алды.
”Өлең айтқан қалай кетті”, “Бейіт басына келіп ән айтпаған қазақ едік. Бұл жерде әруақтарға дұға ғана жүреді ау”, “Бейіт басында ән айтқан дұрыс емес. Ойларыңа не келсе соны жасап кеттіңдер”, “басына барып ән айтқаны ыңғайсыз екен”, — деп пікір қалдырды желі оқырмандары