Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тараз қаласының тұрғыны Дамира Кенжеева өзінің пайымдауынша жасы 18 де, ал желтоқсанның 17-і күні 19-ға толамын дейді.
Анасы Қарлығаш кішкентайынан қызы Дамираны тастап қашып кетіп қалған, сол бойы оралмаған.
Дамираны анасы Қарлығаштың туысқан сіңілісі қарап,өсіріп келген. Құжатсыз 8 сыныпқа дейін Тараз қаласында оқып, содан кейін мектепке бармаған. Мектеп басшылығына Дамираның әжесі Қырғызстанда оқып жатыр деген құжат алып барған. Алайда Дамира ешқандай мектепте бармаған, ол құжат апармаған.
Студияға келген көріпкелдің айтуы бойынша:
«Дамираның анасы шекара асып кеткен, кішкентай ғана бөлмеде бір еркекпен тұрады. Қарлығаштың жүрегінде қызы әрқашан тұрады. Бірақ оны шайтан билеп алған. Шайтанның арбауында жүр. Ол қызы туралы ойлайды, алайда қыз өсіп тұрмысқа шығып кетеді. Әркім өзі үшін өмір сүрсін деген оймен жүреді. Ана мен қыз қауышады, бірге болады, сырласады. Бәрі жақсы болады» — деп болжады бақсы.
Алайда әзірге Дамираның анасы Қарлығаш туралы ешқандай дерек табылған жоқ.