Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында продюсер екеуінің арасындағы келісімшартта тұрмысқа шығуға тыйым салынбағанын айтты.
«Менің келісімшартымда жігітпен жүруге, күйеуге шығуға тыйым салынбаған. Бірақ, барлығын продюсерлер шешеді деген жері ойландырды. Адамдармен үнемі сыйластықта жүргім келеді. Ұрысқым келмейді. Келісімшартқа қол қоятынның алдында өзімнен «шыдайсың ба» деп сұрадым. Өйткені, қол қойып алып, ұрысып кетіп қалу деген дүние болмасын деп тілеймін. Тұрмысқа шығу туралы Баян Мақсатқызымен сөйлестік. Ол «мен ешқашан қыз баланың бақытына қарсы болмаймын, шығатын болсаң, 3 ай бұрын айт» деді. Бірақ, «күйеуге шықсаң да, бала тусаң да келіп жұмыс істейсің» деді», — дейді ол.
Сондай-ақ, өнер иесі келісмшартта арнайы айыппұлдар да қарастырылғанын мәлімдеді.
«Спорт залға бармасаң, кешіксең, айтқанын істемесең, әнді жаттамасаң, сенің атыңа концерт ұйымдстырушыларынан шағыам түссе, 50 мың теңге айыппұл салады. Осы уақытқа дейін бір рет, спорт залға бармағаным үшін айыппұл төледім. Бұл айыппұлдар бізді білгілі бір тәртіпте ұстау үшін қажет», — дейді Аружан Бекболат.