«Гитлер туралы жазғандағы мақсатымыз — Екінші дүниежүзілік соғыс жөнінде айту болатын. Бұл түсініспеушілік орыс тілді басылымдардың журналдағы материалдарды дұрыс түсінбеуінен туындады. Өкінішке орай, біздің орыс тілді әріптестеріміз арандатушылықпен айналысады. Ал, ресейлік басылымдар бұл тақырыпты іліп әкетіп, оны өзінше түсіндірді. Мен Гитлерді насихаттап, не мақтап отырған жоқпын. Мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын. Оның үстіне, әлі ешкім ештеңе дәлелдеген жоқ», — деп мәлімдеді Ж.Қалыбай дүйсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Бас редактордың бұл пікірімен халық жазушысы, белгілі ақын Мұхтар Шаханов, қоғам қайраткерлері Жасарал Қуанышәлі мен Жанболат Мамай, саясаттанушылар Расул Жұмалы мен Айдос Сарым да келіседі. «Журналда әртүрлі сарапшылардың пікірлері келтірілген. Олардың пікірлері де әртүрлі. Олардың бірі «Гитлер – фашист емес» десе сол үшін журналды кінәлауға бола ма? Мұны түсінбеген адамдарды ұқпаймын. Солай істеуге бола ма екен? Бұл журналдың бағыты сондай ғой», — деді М.Шаханов баспасөз мәслихатында.
«Журналға жала жапқылары келеді. Онда Гитлердің фашистік пиығылы, оның жауыздығы туралы жазылған. Бұл журналды оқыған адамдар көп нәрсеге көз жеткізеді. Өйткені, қазіргі жастар тарихтың көбін: Гитлердің кім екенін, Лениннің кім екенін білмейді. Осыған орай, хат дайындап, қол жинауды ұсынамын. Біздің даусымыз сонда ғана халыққа жетеді. Әйтпесе, бұл «жаптым жала, жақтым күйе» жалғаса бермек», — деді жазушы.
Ж.Қалыбайдың айтуынша, журналға шара қолдануға уәде берген Байланыс және ақпарат агенттігі өкілдер хабарласпаған көрінеді. «Олар менімен хабарласқан жоқ. Біз де олармен хабарласа алмадық. Сайттарында байланыс телефондары көрсетілмеген. Ештеңе жіберген де жоқ. Сараптама жүргізсін, заңсыз нәрсе жасаған болсақ дәлелдесін. Егер біреу менің басылымымда жарияланған материалдарды оқымаса немесе дұрыс түсінбесе – бұл менің кінәм емес», — деді ол.
Айта кету керек, Сыртқы істер министрлігі аталмыш журналдың жаңа , яғни Гитлерге арнаған «Аңыз Адам» журналын қатаң сынға алды.
«Адамзат тарихындағы ең қанішер адамға арналған журнал шығару – ақылға сыйымсыз әрекет деп есептейміз. Бұл миллиондаған адамның, әсіресе, фашизмге қарсы күресіп, отанын гитлердің зұлымдық машинасынан қорғаған және майдан даласында опат болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің намысын аяққа таптап, рухын қорлайды», — деп дүйсенбі күні министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.
Оның айтуынша, қазір құзырлы органдар аталған журналдағы материалдар Конституция мен еліміз заңдарына қайшы келе ме деген мәселені зерттеп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша «тиісті қорытынды жасалып, шара қолданылмақ».
Главный редактор журнала "Аныз Адам", опубликовавший материалы про Гитлера, обвинил русскоязычные СМИ в подстрекательстве
Главный редактор казахскоязычного журнала "Аныз Адам" (Легендарный человек) Жарылкап Калыбай, посвятивший апрельский номер Адольфу Гитлеру, настаивает на своей правоте и просит провести подробное изучение журнала на наличие идей фашизма.
"Про Гитлера мы написали с целью рассказать о Второй мировой войне. Это недоразумение произошло из-за недопонимания материала русскоязычными изданиями. Но, к сожалению, наши русскоязычные коллеги занимаются подстрекательством. А российские издания подхватили эту тему и растрактовали все по-своему. Я ни в коем случае не восхваляю его (А.Гитлера — "ИФ-К"). Я не сделал никакого преступления. Тем более, никто еще ничего не доказал", — заявил Ж.Калыбай на пресс-конференции в понедельник в Алматы.
Мнение главного редактора также разделяют казахский народный поэт и писатель Мухтар Шаханов, общественные деятели Жасарал Куанышалин, Жанболат Мамай, политологи Расул Жумалы и Айдос Сарым. "В журнале приведены мнения различных экспертов. Они все говорят по-разному. И если один из них сказал такое ("Гитлер – не фашист" — ИФ-К"), нельзя же теперь всю вину вешать на журнал? А люди, которые этого не поняли, я их не могу понять. Разве так можно? У этого журнала просто такое направление", — сказал М.Шаханов на пресс-конференции.
"Этот журнал хотят оклеветать. В нем написано о фашизме Гитлера, о его нечеловечности. Люди, которые прочитают этот журнал, многое для себя откроют. Ведь нынешняя молодежь многого не знает из истории: не знают, кто такой Гитлер, кто такой Ленин. В связи с этим, предлагаю подготовить письмо и подписать его. Только в таком случае мы сможем достучаться до народа. А иначе эта клевета так и будет продолжаться", — отметил писатель.
Между тем Ж.Калыбай утверждает, что представители госагентства связи и информации республики, пообещавшее предпринять меры касательно журнала, с ним не связывались. "Они со мной на связь не выходили, мы тоже не могли с ними связаться, на их сайте контакты не нашли. И ничего мне не присылали. Пусть проведут экспертизу и докажут, что мы сделали что-то незаконное. Если кто-то не прочитал или не понял материалов моего издания – это не моя вина", — подчеркнул главред.
В этот же день воины-афганцы, ветераны Великой отечественной войны выразили недовольство по поводу данного выпуска журнала и парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы сожгли его.
Как сообщалось, на прошлой неделе вышел в свет апрельский номер журнала "Аныз Адам" (Легендарный человек), посвященный А.Гитлеру. В номере рассказывается о жизни А.Гитлера, приводятся рассказы его друга Августа Кубичека, а также отрывок из "Майн Кампф". Номер щедро украшен фотографиями Гитлера разных этапов его жизни. В номер также включены биографии как фашистских диктаторов, в том числе Бенито Муссолини, так и борцов с ними – Иосифа Сталина, Уинстона Черчилля, Франклина Рузвельта и Шарля де Голля.
Вместе с тем на одной из страниц издание задается вопросом, "Гитлер для Вас какая личность?", а заголовки некоторых статьей звучат так: "В "Майн Кампфе" многие моменты правильно были написаны", "Гитлер – не фашист", ""О чем книга "Майн Кампф", "Гитлер – главный военный преступник Второй мировой войны". При этом в издании приводятся комментарии политологов, историков, общественных деятелей.
