А.Новиков ТМД терроризмге қарсы орталықтың басшысы болып қайта сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Новиков ТМД терроризмге қарсы орталықтың басшысы болып қайта сайланды

А.Новиков ТМД терроризмге қарсы орталықтың басшысы болып қайта сайланды

Андрей Новиков ТМД терроризмге қарсы орталықтың басшысы болып қайта сайланды.

  • 16 Қазан 2015
  • 495
Фото - Caravan.kz

ТМД Мемлекет басшылары бір ауыздан А.Новиковтың ТМД терроризмге қарсы орталықтың басшысы болып қайта сайлануын қолдады.

«Мен біздің төрағаның рұқсатымен ТМД кеңесінің екі басшысын тағайындау үшін таныстырмақпын. ТМД қатысушы елдердің арнайы қызметі мен қауіпсіздік органдары полиция генерал-полковнигі Андрей Новиковтың ТМД терроризмге қарсы орталықтың басшысы қызметін 3 жылға ұзарту жөніндегі ұсыныс жасады. Кеше ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі аталған ұсынысты бір ауыздан қолдады», — деді ТМД Мемлекет басшыларының кеңесінде ТМД Атқару комитетінің төрағасы — атқарушы хатшысы Сергей Лебедев.

Сонымен қатар,  Ресей Федерациясы ТМД Қорғаныс минстрлер кеңесі жанындағы әуе қорғанысы мәселелері бойынша үйлестіру комитетінің төрағасы Александр Головканың орнына Ресейдің әуе -ғарыш күштерінің бас қолбасшысы генерал-полковник Виктор Бондаренконы тағайындау жөнінде ұсыныс жасады.


ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан сайланған басшыларды құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.