Жарияланды: 7000

"Әншілердің дәуірі өтті. Халық - әншілерді бұрынғыдай сыйламайды": Бибігүл Дәулетбекқызы

"Әншілердің дәуірі өтті. Халық  - әншілерді бұрынғыдай сыйламайды": Бибігүл Дәулетбекқызы

Бибігүл Дәулетбекқызы Қайрат Нұртасқа берілген атаққа сын айтты. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Күні кеше Қайрат Нұртасқа "Шымкент қаласының құрметті азаматы" деген атақ берілді. Яғни, "құрметті азамат" Шымкент қаласында қоғамдық көлікте тегін жүре алады. 

Қайрат Нұртасқа депутаттар атақ берді: ол енді қоғамдық көлікте тегін жүреді

Әншіге берілген аттаққа ашынған Бибігүл Дәулетбекқызы мынадай пікір білдірді: 

"Мынау рас болса, Шымкент әкімі Ғабидолла, ұят болған екен! Несімен еңбегі сіңді екен?! Қашан қоясыздар әншілерді дәріптегенді?! Қашаааан?!
Мыңдаған балаларға білім берген қарт ұстаз неге "құрметті азамат" атанбайды?! Әлде, саналы ұрпақ әкелген ата-ана?!
Мынадай дарақылықты қоймасаңыз егер де, Шымкент xалқы велосипедке отырғызып жібереді бір күні сізді!
Ойланыңыз, Ғабидолла, ойланыңыз!
Мен сізді әжептәуір әкім бе деп жүрсем, көңіл қалды!!!
Егер сіз - көп балалы анаға осылай құрмет көрсеткен болсаңыз, сіздің даңқыңыз артқан болар еді.
Әншілердің дәуірі өтті, әкім мырзалар! Халық - әншілерді бұрынғыдай сыйламайды, қашан соны түсінеді екенсіздер.
Ролс Ройспен жүрген әнші сіздің қоғамдық көлігіңізді қайтсін?! Ал, көп балалы Ана мен ұстазға тегін жүру - арман!"

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін