"Әншілік интернетті басына көтерітендей жексұрын мамандық па?": Тамара Асар өзіне сын айтқандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әншілік интернетті басына көтерітендей жексұрын мамандық па?": Тамара Асар өзіне сын айтқандарға жауап берді

"Әншілік интернетті басына көтерітендей жексұрын мамандық па?": Тамара Асар өзіне сын айтқандарға жауап берді

Әнші Тамара Асар партия қатарына кірген соң, өзіне сын айтып жатқандарға жауап берді.

  • 13 Шiлде
  • 14
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Әншілік мамандықтың партияға мүше болып,кандидаттыққа ұсынылуы осынша қоғамда диссонанс туғызғаны ерекше құбылыс.

Демек белсенді жазғыштардың түсінігінде өнер адамы, саясаттан, қоғамдық жұмыстан ада жүруі керек деген ой бар ма?
Әлде әншілік мамандық осынша интернетті басына көтеретіндей өте мықты немесе жексұрын мамандық па?

Әр адамның жүрегінде елге пайда, қоғамға қызмет жасағысы келетін саяси сұраныс бар. Партияның ұсынысын қабыл алуға ата-анадан алған тәрбием, жинаған білімім, ғылыми дәрежем, өмірлік тәжірибем сүйеу!

Сайлау науқаны енді басталды, сайлаушы партиялардың белсенділігі мен өтімділігі өз нәтижесіне жеткен жоқ. Үгіт-насихат жұмыстарын ешкім бастаған жоқ. Кандидат деген 100% депутат емес. Мерзімінен бұрын асығыс пікір білдіру өзге емес,өзіңе жасаған қиянат.

“Жақсы айтты деп сүйінбе, жаман айтты деп күйінбе. Сүйінсең масаттанып кетесің, күйінсең өзіңді жоғалтасың”-деп еді әкем.

P.S. Ардақты ағайын! Қуанып жақсы пікір білдіріп,құттықтағандарға көп-көп рақмет!
Ал құлақты кесіп, төбені тесіп пост арнап, арнайы парақшасынан орын беріп, күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып, жолымды ашып жатқандарға мың рақым. Сіздердің әрекеттеріңіз мені шынықтыра түсуде», — деп жазды әнші.