Анталиядан келген жолаушыдан коронавирус анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анталиядан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Анталиядан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

 

  • 1 Ақпан 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

31 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей және Қырғызстан елдерінен 17 халықаралық әуе рейсімен 2 577 жолаушы келді. Келген жолаушылардың 1 933-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 644 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.

Алматы әуежайына – 9 рейс (1 461 жолаушы, анықтамамен — 1 174, анықтамасыз – 287);

Нұр-Сұлтан әуежайына – 8 рейс (1 116 жолаушы, анықтамамен — 759; анықтамасыз – 357).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.


Сондай-ақ, 30 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 447 ҚР азаматының бірінен коронавирус анықталды. Ол Алматы әуежайына Анталиядан (Түркия) ұшып келген.