Жарияланды: 440

Апта ішінде республика бойынша 3811 қылмыс тіркелді - ІІМ

Апта ішінде республика бойынша 3811 қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Апта ішінде 3811 қылмыс тіркеліп, оның ішінде ізі суымай 1766 және бұдан бұрын жасалған 470 қылмыс ашылды», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар өткен апта ішінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 69 қылмыс анықталған. 4 тонна 434 келі есірткі тәркіленген, оның ішінде 509 грамм героин бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін