3 қарашадағы таңғы сауданың бірінші келісімі 335 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны — 333,80 теңге. Сауданың жалпы көлемі 37,800 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 333,5-336 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен сағат 11.01-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 60,88 доллар болды.