Ақ қан аурына шалдыққан балаларға қаржылай көмек көрсету шарасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ қан аурына шалдыққан балаларға қаржылай көмек көрсету шарасы өтті

Ақ қан аурына шалдыққан балаларға қаржылай көмек көрсету шарасы өтті

Алматыда ақ қан аурына шалдыққан балаларға қаржылай көмек көрсету мақсатында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен қайырымдылық концерті өтті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 374
Фото - Caravan.kz

Қайырымды істерге зәру жандардың бірі – Мұрагер Мұқанов. Үш баланың кенжесі Мұрагерге осыдан тура бір жыл бұрын ақ қан ауруына шалдыққаны туралы диагноз қойылған. Дәрігерлердің айтуынша, ол аталған дерттің ең ауыр түрімен ауырады. Сондықтан ем қонуы екіталай. Алайда Мұқановтар отбасы үміттерін үзбей келеді. Концерттен түскен ақшаның көлемі – 270 мың теңге. Бұған қоса өнер шеберлері өз қалталарынан ақша қосыпты. Енді 1 маусым – Балаларды қорғау күні ем қабылдап жатқан жеткіншектерге сыйлық таратылады.


Марианна Гурина
, ұйымдастырушы:

Мұндай концерт бұрын-соңды болған емес. Ақ қан аруына шалдыққан балалардың аналары келіп, Қазақстан әншілерінің қатысуымен концерт ұйымдастырайық деп өтініш білдірді.  Өтініштерін қолдап, осындай іс-шара өткізуге бел будық. 

Соңғы жаңалықтар