Ақ үйде алғаш рет Наурызды атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ үйде алғаш рет Наурызды атап өтті

Ақ үйде алғаш рет Наурызды атап өтті

Астана. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ-тың бірінші ханымы Лора Буш Ақ үйде Наурыз мейрамына орай қонақ қабылдады, сөйтіп, АҚШ президентінің әкімшілігі алғаш рет шығыстың көктем мен бірлік мерекесіне орай қабылдау өткізді.Бұл туралы агенттікке ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 25 Наурыз 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, 19 наурызда өткен шараға Наурызды дәстүрлі басты халықтық мереке ретінде тойлайтын мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан , Әзербайжан, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан өкілдері мен иран текті американдықтар қатысты.

Қонақтарға қаратып айтқан сөзінде Л. Буш : «Наурызға тән тазалық, жаңғыру мен қайта түлеу рухы оны Америкада дәстүрлі тойланатын Ілтипат күнімен және діни мереке — Пасхамен жақындастыра түседі»,- деді.

«Халықаралық қарым-қатынаста мәдениетаралық және дінаралық өзара түсіністіктің айрықша маңыздылығын паш еткен Ақ үйдің бұл бастамасы Вашингтондағы дипломатиялық ортада ыстық ықыласқа ие болды», — делінген СІМ хабарламасында.

Ақ үйдің бейбіт бастамасына қолдау көрсеткен Қазақстан елшісі Е. Ыдырысов «АҚШ-тың бірінші ханымына өңірдегі халықтық мерекеге назар аударғаны үшін ризашылық білдірді». Қазақстан дипломаты Наурыздың тойлану тарихы мен дәстүрлері туралы әңгімелеп, бірінгі ханымға еліміздегі тарихи және мәдени дәстүрлердің тереңдігін паш ететін көне алтын туралы альбомды таныстырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті