Жарияланды: 30

Ақан Сатаевтың "Томирис" фильміне 3 млрд теңге жұмсалды — "Қазақфильм" президенті

Ақан Сатаевтың "Томирис" фильміне 3 млрд теңге жұмсалды — "Қазақфильм" президенті

Режиссері Ақан Сатаев болған «Томирис» фильміне қанша қаражат жұмсалғаны белгілі болды.

«Аталған фильмнің түсіріліміне 10 млн доллардан аз ақша жұмсалды. «Қазақ хандығы телехикаясы мен басқа да туындылардың бюджеті дәл осындай. Көшпенділер – «Қазақфильм» бюджетінде ең қымбат болды. Оған шетелден актерлер тартылған болатын. Шетелден өз ісінің маманын шақыру – кино бюджетіне қатты әсер етеді. 

«Қазақ хандығы: Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы: Алтын тақ» фильмін шығарған кезде бізге «Шыңғысханның» 38 сериалын түсірген Батыр атты режиссерді шақырдық. Ол кеңесші ретінде жұмыс істегеннен кейін бұл фильмнің жарыққа шығуына 50-100 млн доллар керегін айтты.

Алайда оның қалауы біздің «оң жамбасқа келмей», қош айтысып, «Қазақ хандығын» 10 млн долларға түсірдік. Ал «Томириске» шамамен 3 млрд теңге жұмсалды», - деді «Қазақфильм» АҚ президенті Арман Әсенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов фильм бюджетін нақтылай түсіп, 2 млрд 259 млн теңге жұмсалғанын айтты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін