Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық жолдар ашылды - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық жолдар ашылды - ТЖМ

Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық жолдар ашылды - ТЖМ

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық жолдар ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Ақпан 2008
  • 420
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарында 29 ақпан күнгі сағат 6-да барлық бағыттар бойынша қозғалыс жанданды. Солтүстік Қазақстан облысында 29 ақпан күнгі 6 сағатта республикалық маңызы бар жолдар ашылды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында 29 ақпан күнгі сағат 5-те Ақтөбе — Орск, Самара — Шымкент, Ақтөбе — Қарабұтақ жол учаскесінен басқа барлық республдикалық маңызы бар жолдар ашылды. Жолдарды тазалауға 13 дана К-700 және Т-150 тракторы, 8 дана МТЗ және Т-40 тракторлары, 5 дана шнекті ротор, автокөліктер, бұдан басқа да 11 бірлік қар тазартушы көлік, «Қазавтожол» РМК 110 қызметкері жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті