Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы қамауға алынды

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы қамауға алынды

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Сүлен Ілиясов қамауға алынды.

  • 7 Сәуiр 2021
  • 122
Фото - Caravan.kz

Кейбір бейресми мәліметтер бойынша, ол мемлекеттік ауруханаларда жетіспей жатқан аппараттарды жеке медициналық ұйымдарға берді деп күдікке ілінген, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz.-ке сілтеме жасап. 

"Көкшетау Азия" АА Көкшетау қаласының тергеу соты Ілиясовты 1 сәуірден бастап екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады деп жазады. Аймақтың бұрынғы бас дәрігері бұл шешіммен келіспейді, ол Ақмола облыстық сотына шағымданбақшы.

Істі ҚР Бас прокуратурасының тергеу-жедел тобы тергеп жатыр. Ілиясовты қамауға алу туралы санкцияда олар оның жасырынуы немесе бостандықта бола отырып, объективті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін екенін көрсеткен.

Сүлен Ілиясов өзіне сеніп тапсырылған сомасы аса ірі көлемдегі мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жымқырды деп күдікке ілінді. Бұл қылмыс үшін 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бейресми мәліметтер бойынша, Ілиясов мемлекеттік ауруханаларда жетіспей жатқан өкпеге ауа жіберетін, яғни жасанды жолмен тыныстындыратын оттегі аппараттарын жеке медициналық ұйымдарға берді деп күдікке ілінген.

Ол бюджет қаражаты есебінен салынған клиниканы коммерциялық құрылымдарға берді деп те күдікке алынған.


Ілиясовтың қызметінен екі ай бұрын кеткені белгілі. Ол бұл қызметке өткен жылы ақпан айында тағайындалған. Бұл медицина саласындағы ең ауыр кезең — коронавирус эпидемиясына сәйкес келеді. Пандемиямен күресу үшін бюджеттен үлкен қаражат бөлінді.

Сүлен Ілиясов 1966 жылы Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау қалалық ауруханасында уролог-дәрігер ретінде бастады. Соңғы тоғыз жыл ішінде ол Көкшетаудағы №1 емхананы басқарды.

Соңғы жаңалықтар