Ақмола облысы Үшсарт ауылында үй құстары жаппай құрбандыққа шалынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.37
  • 542.16
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысы Үшсарт ауылында үй құстары жаппай құрбандыққа шалынуда

Ақмола облысы Үшсарт ауылында үй құстары жаппай құрбандыққа шалынуда

Ақмола облысы Қорғалжың ауданы Үшсарт ауылында карантиндік шараларға қарамастан, үй құстарының тұмауға шалдығуына қатысты жаңадан 3 оқиға тіркелуге байланысты ауыл тұрғындарының жиналысында елдімекендегі үй құстарын жаппай құрбандыққа шалу туралы шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Тамыз 2005
  • 968
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанаға таяу жерде орналасқан Үшсарт ауылында құс тұмауына байланысты карантин жарияланған. Елдімекеннің аумағын қоршай бөгеттер тұрғызылып, шлагбаумды дезинфекциялық тосқауылдар қойылды. Автокөліктердің кіріп-шығуына тыйым салынып, ауылға бөтен адамдардың келіп-кетуіне шектеу қойылды.

Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен Үшсарт ауылында 2745 басты құстың көзі жойылды. Ақырғы дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылуда.