Ақмола облысында 230 адам қар құрсауынан шығарылды, жоғалғандар іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 230 адам қар құрсауынан шығарылды, жоғалғандар іздестірілуде

Ақмола облысында 230 адам қар құрсауынан шығарылды, жоғалғандар іздестірілуде

Ақмола облысында қар құрсауында қалған 230 адам (оның ішінде 12-сі бала) мен 88 техника (2 автобус) құтқарылды. Кей адамдар әлі іздестірілуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2014
  • 561
Фото - Caravan.kz

Құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ Ақмола облысы ТЖД 15 техникасы мен 39 адамы, «Қазақавтожол» РМК 5 техникасы, «Ақкөл орман шаруашылығының» 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақкөл маңында жоғалған адам іздестірілуде. Жақсы ауданында 2 адам мен Шортанды ауданында жоғалған ер адамдар табылды

Төтенше жағдай департаментінде қалыптасқан жағдайды жою бойынша жедел іс-шаралар жүргізу мақсатында шұғыл әрекет ету тобы құрылды.