Ақмола облысында ағымдағы жылы көктемде 4040 мың гектарға күздік дақылдар егу межеленген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында ағымдағы жылы көктемде 4040 мың гектарға күздік дақылдар егу межеленген

Ақмола облысында ағымдағы жылы көктемде 4040 мың гектарға күздік дақылдар егу межеленген

Көкшетау. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында ағымдағы жылы көктемде 4040 мың гектарға күздік дақылдар егу межеленген. Бұл туралы бүгін облыстық әкімшілікте мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың қатысуымен өткен аппараттық жиында ауылшаруашылығы департаментінің директоры Аманжол Сейітжанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Наурыз 2008
  • 673
Фото - Caravan.kz

А. Сейітжановтың ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы облыста 4040 мың гектарға күздік дақылдар егу, соның ішінде 3965 мың гектарға күздік бидай егі межеленген (2007 жылмен салыстырғанда өсім 90 мың гектарды құрайды). Майлы дақылдар 19 мың гектарға егілсе, оның 63% күздік рапсқа тиесілі. Бұл дақылдарға Щучье, Зеренді және Еңбекшілер аудандарында ең ауқымды аумақтар бөлінген. Жемдік дақылдар 38,5 мың гектарға себіледі.

870 мың гектарға егін егу жоспарланып, қазіргі жағдаймен ағымдағы жылғы егіске арналған 845 мың гектар тыңайған жер, соның ішінде 64 мың гектар жер химиялық тәсілмен өңделді.

2008 жылғы көктемгі егіс науқанын қамтамасыз ету үшін жалпы алғанда облыс бойынша 480 мың тонна тұқым себілді.

Көктемгі далалық жұмыстарға қажетті дизельдік отын сұранысы 75 мың тоннаны құрайды. Іс жүзінде 34 мың тонна, немесе 45 % бар. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 13 мың тонна артық отын жеткізілген.

Биыл 440 мың тонна астық тұқымдары зарарсыздандырылуға тиіс.

Республикалық бюджеттен егін шаруашылығын дамытуға 2,5 млрд.теңге,соның ішінде жергілікті бюджеттен 10 млн.теңге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті