Ақмола облысында бруцеллез дертін жұқтырған мал саны өсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында бруцеллез дертін жұқтырған мал саны өсуде

Ақмола облысында бруцеллез дертін жұқтырған мал саны өсуде

Ақмола облысында бруцеллезге шалдыққан мал саны 123-ке жетті. Алғашқы 42 баста жұқпалы дерт анықталғанда иесі тиісті шара қолданбаған. Ветеринарлар да індеттің дендеп кеткеніне шаруа қожалығы басшысын кінәлап отыр. Қазір арнайы комиссия құрылып, прокуратураның рұқсатымен ауру ірі қараның көзін жоюға жабылып әрекеттеніп жатыр.

  • 6 Қараша 2012
  • 307
Фото - Caravan.kz

Бруцеллез Садовый ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде шыққан болатын. Мал иесі алғашқы сараптама қорытындысына сенбей, Ауыл шаруашылығы министрлігіне барып, жергілікті ветеринарлар үстінен шағым түсірген екен. Сол бойынша Елордадан келген мамандар да қожалықтағы 280 бастың тең жартысынан індет белгілерін тапты. Осы уақытқа дейін мал ортақ өрістен оқшауланбай, жайылып жүрген. Тиісті шаралар ауру әбден асқынып кеткен соң қолға алынып отыр. 


Манат Әбдірахманов, Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы:

Осылай жүргенде уақыт өткізіп алды ол кісі. 123 басты қазір комиссия шығып, бұйрық бердік. 3 күннің ішінде көзін құрту керек.

Соңғы жаңалықтар