Ақмола облысында көше тазалаушылар жұмысқа шығудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында көше тазалаушылар жұмысқа шығудан бас тартты

Ақмола облысында көше тазалаушылар жұмысқа шығудан бас тартты

Ақмола облысында да тура осылай 4 ай жалақы көрмеген көше тазалаушылар жұмысқа шығудан бас тартты. Щучье қаласының тазалығына жауапты 50 адам айлықты бұдан артық күте алмаймыз деп отыр. Маңдай тер ақылары қолдарына тимейінше, біреуі де жұмысқа шықпауға бекінген.

  • 31 Шiлде 2015
  • 251
Фото - Caravan.kz

-Мынау Бурабай курортты аймағындағы қоқыс полигоны. Бұл жерді ретке келтіруге міндетті «Тазалық» коммуналдық шаруашылығының жұмысшылары.  Алайда, олар бүгін 3-ші күн мұнда келмеген. Үйінді жиналмағандықтан қазір қоқыс төгетін орын жоқ.

45 мыңнан аса тұрғыны бар Щучье қаласының қоқыс полигоны ыбырсып жатыр. Іштегі қоқысты техникамен үйетін де, сыртқа шашылғанын жинайтын да жұмысшы жоқ.

-Жалақы ақшамызды берсін болды! Жауып тастай ма, көміп тастай ма, жағып жібересіздер ме өздерің біліңдер!

Сейілхан Оразалин, «Тазалық» КШ жұмысшысы:

-Қалалық әкімдікте аулу сыпырушы болып істеймін. Айналаны жинаймын таң атқаннан кешке дейін. Соқыр тиын көрем жоқ. Отбасымды асырап нан жеуім керек, май жеуім керек. Жинамаймын енді басымды кесемін десе де!

Жұмысшылар жалақыларын берсе бүгін- ақ жұмысқа кірісуге әзір. Жағдайды айтып еңбек инспекциясына, әкімдерге, прокуратураға дейін жазған. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы да жиі ауысады екен. Сондықтан оларға бір-біріне сілтеу оңай. Наразы топ бұл жолы басшының кабинетіне өздері кірсе де, шенеуніктердің жауабы бәрібір дайын.


Әди Елемесов, Бурабай аудандық тұрғынүй коммуналдық  шаруашылығының директоры:

— Менің білетінім, коммуналдық шаруашылықтың есеп шоттары түгел бұғатталып тұр. Біз 2 жарым миллион теңге жалақыға жақында аударғанбыз салыққа алып қойды. Бұл менің кінәм емес.

Зейнетақы қорына жарна аударылмағалы да бір жарым жыл. Жыл басынан бері 3 директор ауысқан «Тазалық» кәсіпорыны қазір басшысыз қалған. Ал қаржы тауып, қарыздан құтылудың жолын қарастырып жатқан жан жоқ.

Соңғы жаңалықтар