Ақмола облысында малын ақшаға айырбастамақ болған тұрғындар алданып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында малын ақшаға айырбастамақ болған тұрғындар алданып қалды

Ақмола облысында малын ақшаға айырбастамақ болған тұрғындар алданып қалды

Ақмола облысында етті экспорттау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама төңірегінде шу шықты. Ауыл тұрғындары тірі малдың келісін 400 теңгеден қабылдайды дегенге сеніп, тақырға отырды. Жұрттың 150 шақырым жерге алып барған малын комбинаттағылар арық деп, тек таза еттің салмағы бойынша есептескен. Ал ауылдықтарды ақшаға қарық қылып, жүктелген жоспарды асыра орындаймыз деген шенділер енді не істерлерін білмей дал. Өйткені биыл облысқа жүктелген 1600 тоннаның орнына шетелге 400-ақ тонна ет шығыпты.

  • 14 Қараша 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

Зеренді ауданындағы Троицк ауылының әкімдігі етті экспорттау бағдарламасына аса «белсенді» қатысқан. Жиын өткізіп, қара малдың келісін 400 теңгеден өткізуге мүмкіндік туды деп хабарландыру іліпті. Мемлекет тарапынан мұндай қолдауды көптен көрмеген жұрт төрт түлігін көлікке артып жіберген. Тіпті жалғыз сиырын жетектеп апарғандар да бар.

Лидия Норева, Троицк ауылының тұрғыны:

-Сиырым жас еді. 4-ақ рет бұзаулаған. Бұлай болатынын білгенде тапсырмас едім.

Малды 150 шақырым жердегі Щучье ет комбинатына әупірімдеп жеткізгенімен, ондағылар сиырды тірілей емес, тек ет күйінде өлшеп есептеген.

Рая Шинкоренко, Троицк ауылының тұрғыны:

-Бізге әкім «жеке сатып алушылар келсе өткізбеңдер, мемлекеттік бағдарлама бойынша жақсы бағаға сатасыңдар» деді. «Малды тірідей таразыға салып есептейді» деген хабарландыру да болған. Бірақ олай емес екен. Ет комбинаты апарған соң сойды да, еттей есептесті.

Мал басының тірідей келетініненкомбинаттағылар білмедік деп отыр. Сондықтан сойып, сол бар-жоғы 400 теңгеге таза етін өлшеп алыпты.


Игорь Стрекалис, Щучье ет комбинатының өндірістік директоры:

-Олардың келетінін білген де жоқпыз. Әкімде телефонымыз бар. Бірақ ескерткен жоқ. Тұрғындар кешқұрым келді. Малы екен. Сосын еттей қабылдадық. Ээкспортқа жарамайды. Енді комбинат жұмысының тоқтап тұрғанына 1 апта болды.

Малмен жан бағып отырған ауыл тұрғындарының осыдан кейін соярға соғымы қалмады. Бұған жұрт елді аталған бағдарламаға қатысуға шақырған ауыл әкімін кінәлап отыр. Ал атқамінер енді өзіне шаң жуытар емес.

Еркін Бәйкенов, Троицк ауылының әкімі:

-Я вашу корову наоборот поднимал.Я сам полностью работал ради того чтобы Вам угодить. Я не сидел костюмчике…