Ақмола облысында құтқарушылар халықты қайықпен құтқарып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Ақмола облысында құтқарушылар  халықты қайықпен құтқарып жатыр

Ақмола облысында құтқарушылар халықты қайықпен құтқарып жатыр

Ақмола облысында жолдарын су шайып кеткен ауыл жұрты бір аптадан бері орталықпен қатынаса алмай отыр. Ескі Калутон елді-мекеніне қазір құтқарушылар тек қайықпен барып жүр. Оның үстіне арнасынан асқан Калутон өзенінің суы ауылға дейін кіріп, бірнеше үйді басып қалған. Су қоршауында қалған жұрттың жанайқайын тілшіміз Айзат Тұрғынбекқызы тыңдап қайтты.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 409
Фото - Caravan.kz

-Калутон өзені осыдан 6 күн бұрын тасыған. Бір жарым мың халқы бар ауылға әзірге көмек жоқ. Ауыл тұрғындарының негізі көлігі қазір- қайық. Қажет жағдайда аудан орталығынан тұрғындар қайықпен қатынап жүр.

Бір түнде өзен суы маңайдағы жолдардың бәрін шайып кеткен. Қазір апаттан құтқару қызметі ауылдағыларды қайықпен сыртқа шығарып, ал сырттан келгендерді ауылға тасып әлек болуда.

Серік Нұрымбетов, Ескі Колутон ауылының тұрғыны:

-Мал жан аман енді. Қайықпен  жүреміз. Қазір бір-ақ қайық жүр ғой енді. Бір Алла біледі. Мына жерді жуып жерді, қаншама тас тасу керек. Техника керек.

Жолды шайып кеткен бір аптада бірнеше адам қатты ауырыпты. Науқастарды жұрт әупірімдеп жүріп қайықпен шығарған. Ал су кіріп кеткен ауылдағы 22 отбасы қазір қайда барарын білмей дал. Өйткені үйдегі дүние-мүліктің бәрі су.

Күлпәш Әбдірахманова, Ескі Калутон ауылының тұрғыны:


-5 күн біреудің үйінде жаттық. Үйде жатып шықтық терезені ашып қойып. Дымқыл бәрі, су. Сонымен тұрып жатырмыз. Көмек енді, үйіміз құлап жатыр, қабырғалары жарылып, асты бәрі түсіп жатыр. Енді міне, жағдай осындай, мына үйде өмір сүруге болмайды, көмек керек.

Бұл баспаналардың алдағы жайын енді арнайы комиссия шешуі керек. Оның да біразға созылатын түрі бар. 

Владимир Крапивко, Ескі Колутон ауылдық аймағының әкімі:

-Біз түсінеміз, олар қиналған соң тезірек көмек болса дейді. Бұл бюджеттің ақшасы тезірек шешіле қоймайды ғой. Осымен 4-ші рет келіп тұрмыз. Комиссия болып бәрін есептеген. Енді дефектолог келіп бүлінген жерлерді өлшеп, тағы да шығынды есептейді. Бәріне есеп керек. Ертең оның жауабын береміз.

Бәрін тегіс есептеп, көмек келгенше жұртқа енді дымқыл үйде жан бағудан басқа амал жоқ. Қолдарынан келгенше қазір өз күштерімен жөндеген болып жатыр.