Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
ТЖД мәліметі бойынша 10 маусым күні түнгі сағат 22:00 шамасында Қорғалжын ауданының Біртабан ауылының маңындағы осы елді мекен аттас көлге шомылмақ болған 1984 жылғы Өзбекстан азаматы С.Турапов суға батып кеткен.
Оның денесін судан іздестіру жұмыстарына Астана қаласының "Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесінің жеке құрамынан 1 адам және 1 суда жүзу құралы, Есіл аудандық ІІБ учаскелік полиция қызметкері тартылды.
Әзірге нәтиже жоқ, суға кеткен ер адамның денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда